Бішкекте 100 мың көрерменге арналған стадион салынады
Бішкек қаласында 100 мың көрерменді қабылдай алатын спорт стадионы салынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Кабар» агенттігінің жазуынша, бұл туралы ҚР Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрмұхаммед Атамбаев айтты.
Оның айтуынша, бұл мәселе Қырғызстанның тәуелсіздік күнін және Қара-Қырғыз автономиялық облысының құрылғанына 100 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шарадан кейін көтерілді.
«Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізілуде. Талаптарға сәйкес, бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Қазір оны орналастыру және қаржыландыру мәселелері қарастырылуда. Еліміздің тәуелсіздік күнін мерекелеу бізге осындай стадион қажет екенін көрсетті», - деді ол.