Бали аралында паром суға батып, 4 адам қаза тапты
Индонезияның Бали аралында жолаушылар паромы суға батып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 60 адам із-түссіз жоғалған.
Оқиға паром Ява аралынан шыққаннан кейін шамамен 25 минуттан кейін орын алған.
Бортта 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
Ява аралындағы Банюванг қаласы полиция бастығының мәліметінше, 4 адам қаза тауып, 23 адам құтқарылған.