Әлем

БҰҰ: Йемен жағалауындағы апаттан 13 мигрант қаза тапты

Йеменнің Таиз қаласы жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 13 адам қаза тапты, 14-і із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Көші-қон жөніндегі БҰҰ халықаралық ұйымы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

20 тамыз күні Джибутиге бағыт алған қайық апатқа ұшыраған. Су көлігінде Йеменнен 2 адам және 25 эфиопиялық болғаны мәлім болды.

«Қаза тапқандардың 11 ер адам, екеуі әйел. Олардың денесі Дубаб ауданында Баб-эль-Мандеб жағалауынан табылды», - делінген хабарламада.