Әлем

БҰҰ Бас хатшысы ядролық сынақтар өткізуге біржола тыйым салуды ұсынды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қарсаңында жариялаған үндеуінде осылай деді. Бұл туралы Elorda.info Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

 А. Гутерриш 80 жылға жуық уақыт ішінде әлемнің әр түкпірінде 60-тан астам орында 2 мың сынақ жүргізілгенін, соның салдарынан сынақ аймағы өмір сүруге жарамсыз болып қалғанын және адамдар денсаулығына әлі де зиян келіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар ол жақында ядролық сынақтар жүргізуді қайта бастау туралы ұсыныстың айтылуын «өткен тарихты ұмыту немесе елемеу» деп санайды.

-->

«Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қарсаңында әлем бұл тәжірибені мәңгілікке тоқтатуға күш біріктіруі керек... ядролық сынақтар өткізуге біржола тыйым салайық», - деді  А.Гутерриш.