Қазақстан мен Вьетнам арасында жаңа әуе рейстері ашылады
4 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.
Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.