Қазақстан Ауғанстанға көмек жөнелтті
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады Elorda.info.
81 вагонға өсімдік майы, ұн, сүт өнімдері артылған, деп жазады Хабар24. Қазір бұл пойыз жолда, Ауғанстанға кетіп барады. Бұдан бөлек ұшақпен дәрі-дәрмек жеткізілді. Осы демалыс күндері премьер-министрдің орынбасары - Cауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мемлекет басшысының тапсырмасымен Кабулға барып, уақытша билік өкілдерімен кездескен еді. Жұмыс сапары барысында Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйін ашу жөнінде шешім қабылданды.
-->Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады Elorda.info.
81 вагонға өсімдік майы, ұн, сүт өнімдері артылған, деп жазады Хабар24. Қазір бұл пойыз жолда, Ауғанстанға кетіп барады. Бұдан бөлек ұшақпен дәрі-дәрмек жеткізілді. Осы демалыс күндері премьер-министрдің орынбасары - Cауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мемлекет басшысының тапсырмасымен Кабулға барып, уақытша билік өкілдерімен кездескен еді. Жұмыс сапары барысында Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйін ашу жөнінде шешім қабылданды.
Бүгінгі миссиямыздың басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасын орындау. Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитралық миссиямен біраз тауар әкелдік. Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам тауар Галабай деген станцияға келді. Мында қазір өзімізбен дәрі-дәрмек әкелдік бортпен, - деді Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.