«500 мың доллар»: АҚШ-та атақты француз футболшысының үйін тонап кетті
Француз шабуылшысы Оливье Жирудың АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы үйін тонап кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
TMZ Sports мәліметінше, осы айдың басында Оливье Жирудың Лос-Анджелес аймағындағы үйіне ұрылар түсіп, шамамен жарты миллион доллар тұратын әшекей бұйымдары қолды болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл туралы полицияға футболшының әйелі 5 ақпанда хабарлаған. Ол өз үйінде сынған терезені байқап, ұрлық болғанын анықтаған.
Жирудың жұбайының айтуынша, ұрылар бірнеше қымбат затты, соның ішінде 10-нан астам ерлер сағатын алып кеткенін айтқан. Ол жоғалған заттардың жалпы құны 500 мың долларға жуық екенін хабарлаған.
Әзірге бұл оқиғаға байланысты ешкім ұсталған жоқ, бірақ Лос-Анджелес полициясы тергеуді жалғастырып жатыр.