Әлем

Disney 7 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ

Walt Disney Company жыл басында жариялаған 7 мың қызметкерді жұмыстан шығаруға кірісті, деп хабарлады Elorda.info Reuters сайтына сілтеме жасап.

Жаппай қысқарту арқылы компания бизнесті оңтайландырып, шығындарды азайтпақ.

Уолт Дисней компаниясының бас директоры Роберт Айгер алдағы төрт күн ішінде қысқартуға ұшыраған қызметкерлердің бірінші тобына жұмыстан босату туралы хабарламалар жібермек. Жұмыстан шығарудың екінші толқыны сәуір айында өтіп, бірнеше мың адамның өміріне өзгіріс енгізері сөзсіз, ал үшінші кезең жазға жоспарланған. Нәтижесінде Disney 5,5 миллиард доллар үнемдеуді жоспарлап отыр. 

Ең алдымен телебағдарламаларды шығаруға жауапты компания бөлімшесі мен сатып алу бөлімі қызметкерлері қысқартуға ұшырайды, бірақ «Диснейлендтердің» жұмыс істеуіне негізі - тақырыптық саябақтар мен фирмалық дүкендердің қызметкерлері жұмыстан шығарылмайды.

-->