Әлем

Қажылар мінген автобус апатқа ұшырады

Меккеге барар жолда жол-көлік оқиғасы болды. Автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты, тағы 29 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info Saudigazette.com.sa басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Автобус көпірге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілді.

Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жетіп, құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

-->