Әлем

Қазақстан Вьетнамға тауарлар мен қызметтердің экспортын 500 млн долларға арттырады

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, 2023 жылғы 15-17 наурыз аралығында Ханой қаласында сауда-экономикалық миссиясын өткізді, деп хабарлады Elorda.info Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Вьетнам Социалистік Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Вьетнамның Сауда-Өнеркәсіп палатасының өкілдері, сондай-ақ екі елден 100-ден астам кәсіпкер, оның ішінде 14 қазақстандық тамақ, химия өнеркәсібі тауарларын өндірушілер мен IT-қызметтерді жеткізушілер қатысты.

Екіжақты сауданы ұлғайту үшін Қазақстан-Вьетнам бірлескен компаниясын ашу жоспарланып отыр.  Осыған байланысты Qaztrade және Inserimex CO.LTD бизнес-форумының алаңында ҚР экспорттық-импорттық компаниясы мен СРВ құру туралы ниетке қол қойылды.

Бүгінгі таңда Вьетнамға қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті тамақ, құрылыс, химия, металлургия, мұнай-химия сияқты салаларда 500 млн долларды құрайды.

Айта кетейік, Вьетнам өзінің алдына 2045 жылға қарай ЖІӨ-ні ұлғайту, сондай-ақ өз экономикасының көлемін 10 есеге кеңейту және әлемнің дамыған экономикаларының қатарына кіру міндетін қойып отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауданы ұлғайту және байланыстарды нығайту болашақта Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығы аймағында Қазақстан үшін логистикалық дәліздер құруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында вьетнамдық компаниялар қазақстандық органикалық тыңайтқыштар мен жемшөп қоспаларын өндірушілерге, IT-шешімдер, Тамақ өнімдері бойынша ұсыныстарға қызығушылық танытты. Бұдан әрі қарым-қатынастарды дамыту және ынтымақтастықты жолға қою жөнінде алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 23,4%-ға ұлғайып, 525,7 млн долларды құрады. Қазақстаннан Вьетнамға экспорттың негізгі тауарлары түсті және қара металдар, кендер мен концентраттар болды. Өз кезегінде Қазақстан Вьетнамнан тұрмыстық және кеңсе электроникасын импорттады.

-->

Қазақстан мен Вьетнам екіжақты қатынастардың тұрақты достық сипатын қолдайды. Өзара сауданың дамуы мен көлемінің өсуіне ЕАЭО - Вьетнам форматында еркін сауда аймағын құру туралы келісім серпін береді, - деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.