Әлем

«Мың бір түннің» Шехрезаты зілзаладан кейін қымбаттаған пәтер бағасына ренішін білдірді

Түркияның танымал актрисасы Бергюзар Корел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында елдегі жалдамалы пәтер бағасының қымбаттауына қатысты ренішін білдірді, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияның 11 қаласына әсер еткен жер сілкінісінен кейін елдегі жалға берілетін пәтер бағалары күрт өсті. Бұл қазақстандық көрермендерге «Мың бір түн» сериалы арқылы танылған Бергюзар Корелдің ашуына тиді. Актриса мұны шеттен шыққандық деп бағалады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жер сілкінісінен зардап шеккен отбасының Конья қаласында жалға алған пәтерін бөлісті. Өте ескі әрі жиһазы да жоқ пәтер бағасы 4 мың лира (шамамаен 100 мың теңге). Сондай-ақ, дәл осы сомада депозит төлеген.

Зілзаладан зардап шеккендерге қол үшін созуға тырысқан актриса:

Актриса аталмыш жағдайды жіті назарда ұстайтынын және бұл отбасы үшін жақсы үй іздеп жатқанын айтқан.

Айта кетейік, қазақстандық көрермендерге «Мың бір түн» сериалы арқылы жақсы таныс Халит Ергенч (Онур) пен әйелі Бергюзар Корел (Шехрезат) жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа 21 мың доллар бөлген болатын.

-->

Бұл үйге мұндай ақша сұрау барып тұрған әділетсіздік, - деді.

Актриса аталмыш жағдайды жіті назарда ұстайтынын және бұл отбасы үшін жақсы үй іздеп жатқанын айтқан.

Мен жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыны жалғыз қалдырған және балаларды бір жастыққа отырғызып бос үйге жайғастырған жылжымайтын мүлік агенттігінің иесін табамын. Біз осы отбасы мен бүлдіршіндерге бұдан да әдемі үй іздейміз. Сендерге осы қорқынышты күндерді ұмыттыруға тырысамыз, менің сұлуларым, - деді әлеуметтік желідегі парақшасында.