Әлем

Қытайдағы қандастар Джеки Чанға тұлпар мінгізді

 Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданын мекендейтін қандастарымыз Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға тақия кигізіп, тұлпар мінгізді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеолардан танымал актердің Шыңжаңға сапары кезінде жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленгенін, сондай-ақ қазақ салт-дәстүрі бойынша құрметті қонақ ретінде тұлпар сыйға алғанын көруге болады.

Кадрларда басына қазақи тақия киіп, қолына қамшы ұстаған Джеки Чан өз рахметін айтып жатты және елмен бірге ән салды.

-->