Әлем

Әлемде саяси салмағы бар әйелдер жыл өткен сайын артып келеді

Саясатта мансаптық жолын қалыптастыра білген белді тұлғалардың басым көпшілігі ер адамдар екені бәрімізге белгілі. Дегенмен әлемде саяси салмағы бар әйелдер де жыл өткен сайын артып келеді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Камала Харрис – АҚШ тарихында алғаш рет вице-президент қызметіне тағайындалған әйел әрі қаранәсілді саясаткер. Арғы тегі үнді-ямайка нәсілінен тамыр тартатын демократ бүгінде 58 жаста. Саясатқа келместен бұрын Камала адвокат болып қызмет еткен. Бертін келе Демократиялық партияның жарық жұлдызына айналды. АҚШ президенттігіне үміткер болуға да тырысты. Алайда Демократиялық партия праймеризінде қолдау жеткіліксіз болғандықтан, өз кандидатурасын алып тастады. 2021 жылы Джо Байден ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Камала Харристі «халыққа қызмет етіп жүрген бірден-бір азамат» деп атап, елдегі ең маңызды лауазымның біріне тағайындаған болатын.  Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де – осы қызметке тағайындалған алғашқы әйел. Бұған дейін 6 жыл бойы Германияның Қорғаныс министрлігін басқарған. Аталған ведомствоны тізгіндеген тұңғыш әйел-саясаткер саналады. Сондай-ақ ол отбасылық өмірді қатар алып жүруімен де ерекшеленеді. Қоғамның дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген Урсула фон дер Ляйен – 7 баланың анасы. Ағылшын, француз тілдерін жетік меңгерген. Саясатта әйелдер әлеуетінің мол екенінің айқын айғағы – Джасинда Ардерн. Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі. 2017 жылы өзі төрағалық ететін партия парламенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін ол министрлер кабинетін басқарды. Сол кезде Джасинда Ардерн небәрі 37-де болған. Осылайша, адамзат тарихындағы ең жас үкімет басшысы атанды. Қазір 42 жастағы саясаткер – парламент мүшесі. Ардерннің саясаттағы басты мақсаты – халық үшін тиімді саясат жүргізу. Атап айтқанда, ел ішіндегі кедейлікті қысқарту мен жүздеген мың адамды әлеуметтік баспанамен қамту. Сонымен қатар ол экология мәселесін де үнемі басты назарда ұстайды.

-->