Әлем

Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп кетті

Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бір күнде 15 мыңға жуық адамнан инфекция анықталған.

Мектептерде сабақ қайтадан қашықтан оқыту режиміне ауыстырылып, кей компаниялар да онлайн жұмыс істеп жатыр.

Qazaqstan.tv мәліметінше, жалпы Ресейдің 34 өңірінде ауру күшейе түскен. Мамандар мутацияланған вирустар өкпенің қабынуына алып келетінін, сонымен қатар жұқтыру көрсеткіші өзге штамдарға қарағанда 60 пайызға жоғары екенін айтады.

Шынымды айтсам, індеттен шаршадым. Маска тағып, сақтық шараларын қайтадан қолға алдым. Вакцина салып, біраз ауырмап едім, енді уайымдап жүрмін. Айналамдағы адамдардың бәрі ауырып жатыр, – дейді қала тұрғыны Ксения Вешкурцева.

Айта кетейік, коронавирустың «кракен», «цербер» деп аталатын штамдары да Ресейге жетті. Ал бұл штамдарға қарсы вакцина әзірге шығарылмады. Инфекция дес бермесе, карантиндік шаралар қайтадан күшейтілуі мүмкін.

-->