Қазақстандық дәрігерлер Түркияда зілзаладан зардап шеккен 200-ден астам адамға көмек көрсетті
Жоғары білікті және дағдылары бар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге тәулік бойы білікті медициналық және психологиялық көмек көрсетті. ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев олардың Түркияда іздестіру-құтқару операциясы кезінде атқарған жұмысы жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Түркияда жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша жұмыс істеген 10 дәрігердің үшеуі – әйел.
-->Жоғары білікті және дағдылары бар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге тәулік бойы білікті медициналық және психологиялық көмек көрсетті. ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев олардың Түркияда іздестіру-құтқару операциясы кезінде атқарған жұмысы жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жұмыс кезеңінде барлығы 200-ден астам жергілікті тұрғындар мен құтқарушыларға, оның ішінде 30-ға жуық балаға медициналық көмек көрсетілді, – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Түркияда жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша жұмыс істеген 10 дәрігердің үшеуі – әйел.