Хатайда 90 рет жер дүмпуі тіркелді
Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Дефне ауданында болған 6,4 баллдық жер сілкінісінен кейін аймақта 90 жер дүмпуі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.
Inbusiness.kz жазуынша, оның ең күшті магнитудасы 5,8-ге дейін жеткен.
Апат аймағына Хатай, Афьонкарахисар, Измир, Стамбул, Сакария, Эрзурум, Самсун, Диярбакыр, Адана, Ван, Кайсери, Денизли, Балыкесир, Артвин, Бартын мен Ушактан AFAD іздеу-құтқару жасақтары, сондай-ақ 112 құтқару қызметі, өрт сөндіру қызметі, жандармерия (JAK), полиция (PAK)жіберілді, Түрмелер мен тергеу изоляторларының бас басқармасы (CEKUT) және үкіметтік емес ұйымдар келді.
Түрік төтенше жағдайларды үйлестіру орталығының (SAKOM) соңғы мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі алты адамның өмірін қиды, тағы 294 адам жарақат алды, оның ішінде ауыр жарақат алғандар - 18 адам, деп атап өтті AFAD.
Хабарламада жер сілкінісі аймағына көшеде түнеуге мәжбүр болған азаматтар үшін 6 мың шатыр жіберілгені айтылған. Бір тәулік ішінде Хатайға шатырлардың жаңа партиялары жіберіледі.
-->Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Дефне ауданында болған 6,4 баллдық жер сілкінісінен кейін аймақта 90 жер дүмпуі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.