Әлем

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою департаменті (AFAD) мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

AFAD басшысы Юнус Сезер 6 ақпандағы жойқын жер сілкіністерінен 6 210-нан астам ұсақ жер сілкінісі болғанын мәлімдеді.

Ол Түркияның Кахраманмараш және Хатай провинцияларын қоспағанда, көптеген аймақта құтқару жұмыстары аяқталып жатқанын растады.

19 ақпандағы жағдай бойынша:

- 40 ғимаратта 200 000 адам іздеп жатыр;

- билік тарапынан 250 000 шатыр мен 6 000 контейнер үйі орнатылды;

- апат аймағынан 461 мың адам басқа аймақтарға көшірілді;

- жер сілкінісінен зардап шеккен 319 000 адам қонақүйлерге орналастырылды;

-  жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың тұрғындарына 10 мың түрік лирасы (530 доллар) бөлінді.

Еске салайық, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жойқын жер сілкінісінен кейінгі тағы жүздеген дүмпу елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр.

-->

Қазір Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару топтарының 19 436 мүшесі үйінділерді аршып жатыр, - деп атап өтті ол.