«Жалқаусың!»: Қытайда ер адам баласын семсерімен шауып өлтірген
Қытайда жалғызбасты әке мектепте нашар оқығаны үшін 13 жастағы ұлын самурай қылышымен шауып өлтірген, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
South China Morning Post басылымының жазуынша, әкесі баласының мектепте нашар баға алғанына ашуланған.
Оқиға Ян Цзюнмин есімді ер адамның ұлының мұғаліміне жолыққанынан кейін болған. Мектепте оған баласының оқу үлгерімі нашар екені хабарланған. Үйіне ашуланып келген ер адам баласын «тым жалқаусың және білім алуға еш ұмтылмайсың» деп айыптаған. Содан кейін қолына жапонның самурай семсерін алып, соққы жасаған.
Сот-медициналық сараптама баланың денесінде қайтыс болғанға дейін бірнеше рет соққыға жығылғанын көрсететін басқа да жарақаттары болғанын анықтады.
Бұл оқиға Қытай жұртшылығы арасында үлкен резонанс туғызды.
-->Қытайда жалғызбасты әке мектепте нашар оқығаны үшін 13 жастағы ұлын самурай қылышымен шауып өлтірген, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
South China Morning Post басылымының жазуынша, әкесі баласының мектепте нашар баға алғанына ашуланған.
Қытайдың оңтүстік-батысында жалғызбасты әке жасөспірім баласын абайсызда бауыздап өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.