Әлем

Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған әйел қамауға алынды

Бразилияда егде жастағы әйел 39 жастағы қызын 20 жылға жуық қамауда ұстады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлады Elorda.info

Kznews.kz-тің жазуынша, оқиға Байшада-Мараньенси аймағындағы Виана қаласында болған.

Полиция басшысы Карлос Альберто Брага Диниз Нетоның айтуынша, аштық пен шөлдеуден зардап шеккен жәбірленушіні аяқ-қолдары байланған күйде жазалау бөлмесінен тапқан. Үйде болған анасында мастық белгілері анық байқалған.

Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жәбірленушіні емдеуге жіберді. Полицейлердің пайымдауынша, анасы жас кезінде екі баласынан айырылған, содан кейін психологиялық ауытқу пайда болып, осының әсерінен қызын қамап тастаған.

Қазіргі таңда бразилиялық әйелдің анасы мен оның серіктесі ұсталды. Полицейлер қылмыстың басқа да сыбайластарын анықтауды және іздеуді жалғастыруда, өйткені, жағдайдан барлық жергілікті тұрғындар хабардар болғаны анықталды. 

-->