Чехияда қазақстандық жауынгерлердің жерленген моласы табылды
Чехияда соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жерленген қабірлері табылды. Қан майданда мерт болған жүздеген марқұмның аты-жөні Прагадан жіберілген тізімде болған, деп хабарлады Elorda.info.
Олар – еліміздің әртүрлі өңірінен майданға шақырылған отандастарымыз. Бұл тізім қазір петропавлдық тарихшы Анатолий Плешаковтың қолында.
«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің еңбек сіңірген профессоры тізім бойынша 4 адамның туған-туысын тауып алған. Сұм соғысқа аттанған боздақтар бұл күнге дейін із-түссіз жоғалғандардың қатырында болған еді. Белгілі археологта олардың зираттарының фотосуреттері де бар.
-->Чехияда соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жерленген қабірлері табылды. Қан майданда мерт болған жүздеген марқұмның аты-жөні Прагадан жіберілген тізімде болған, деп хабарлады Elorda.info.
Олар – еліміздің әртүрлі өңірінен майданға шақырылған отандастарымыз. Бұл тізім қазір петропавлдық тарихшы Анатолий Плешаковтың қолында.
«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің еңбек сіңірген профессоры тізім бойынша 4 адамның туған-туысын тауып алған. Сұм соғысқа аттанған боздақтар бұл күнге дейін із-түссіз жоғалғандардың қатырында болған еді. Белгілі археологта олардың зираттарының фотосуреттері де бар.
Мен бұл тізімді өзімнің тарихшы достарым арқылы Қазақстан бойынша таратқым келеді. Қазір Чехиядан солтүстікқазақстандық Виктор Атьковтің моласынан алынған бір уыс топырақты күтіп отырмыз. Бұл мәліметтер соғыста із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің туыстарына қызықты болады деп ойлаймын, - дейді профессор.