Әлем

Ердоған Президент сайлауы күнін белгіледі

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі Президент сайлауы 14 мамырда өтетінін мәлімдеді. Бұл күні Түркия Парламентінің сайлауы да өтеді, деп хабарлады Elorda.info РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Басылымның түрік баспасөзіне сілтеме жасап жазуынша, Ердоған жалпыға ортақ сайлау күнін кейінге қалдыру туралы Бурсада жастармен кездесуде мәлімдеген.

Ердоған Түркияда мамыр айында өтетін жалпыға ортақ сайлаудың мерзімінен бұрын емес екенін, тек маусымдық жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп отырғанын айтты.

Ердоған жалпыға ортақ сайлау күні туралы президенттік жарлыққа 10 наурызда қол қоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау 2023 жылдың 18 маусымына жоспарланған болатын.

-->

Сіздер 14 мамырда өтетін сайлауда алғаш рет дауыс бересіздер, - деді ол түрік жастарының өкілдеріне.

Ердоған Түркияда мамыр айында өтетін жалпыға ортақ сайлаудың мерзімінен бұрын емес екенін, тек маусымдық жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп отырғанын айтты.

Кейбіреулер мақсатты бұрмалап көрсетуге тырысуда. Бұл – мерзімінен бұрын өтетін сайлау емес, сайлау күнін кейінге қалдыру, – деп басылым түрік көшбасшысының сөзін келтірді.