Экс-президентке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Республика Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық басқармасының бастығы Асылбек Акматов айтты, деп хабарлады Elorda.info 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, Кумтор кен орнын игеруге байланысты қылмыстық іс аясында бұрынғы мемлекет басшысына билікті немесе қызметтік жағдайды теріс пайдаланғаны үшін, 1992 жылы «Камеко» компаниясымен бас келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайдылық және 2003 жылы «Кумтор» жобасын қайта құрылымдау бойынша айып тағылды.
Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке бірнеше рет ұшып келген. Елге сапары кезінде ол ҰҚКК-ға жауап берді. Содан кейін Ақаев тергеумен мәміле жасап, кінәсін мойындады. Артынша бұл «Кумтор» ісі бойынша барлау агенттіктері де жауап алды.
-->Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Республика Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық басқармасының бастығы Асылбек Акматов айтты, деп хабарлады Elorda.info 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, Кумтор кен орнын игеруге байланысты қылмыстық іс аясында бұрынғы мемлекет басшысына билікті немесе қызметтік жағдайды теріс пайдаланғаны үшін, 1992 жылы «Камеко» компаниясымен бас келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайдылық және 2003 жылы «Кумтор» жобасын қайта құрылымдау бойынша айып тағылды.
Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі ескіргендіктен тоқтатылды, - деді Асылбек Акматов.