Өзбекстанда тұмауға қарсы препараттан 18 бала қайтыс болды
Өзбекстанда тұмауға қарсы препараттан 18 бала қайтыс болды. Олар қабылдаған үндістандық дәрінің құрамынан улы зат табылды. Мұны елдің Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 21 бала ауруханаға келіп түскен. Олардың бәрі «Док-1 Макс» үндістандық препаратын қабылдаған. Алайда аурудан айығудың орнына оның 18-і көз жұмды. Тексеріс нәтижесінде сироп және таблетка түріндегі препарат құрамынан этиленгликоль улы заты анықталып отыр. Оны ішкен науқас құсу, есін жоғалту, эпилепсия ұстамасы, қан-тамыр жүйесіндегі проблемалар және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін дейді мамандар.
Айта кетерлігі, дәрі-дәрмектің негізгі заты - парацетамол болғандықтан «Док-1 Макс» сиропын ата-аналар суық тиюге қарсы дәрі ретінде өз беттерімен қолдана берген. Аталған іс бойынша қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін 7 адам қызметінен босатылды. Қылмыстық іс қозғалды. «Док-1 Макс» таблеткалары мен сироптары Өзбекстандағы барлық дәріханалардан алынды.
-->Өзбекстанда тұмауға қарсы препараттан 18 бала қайтыс болды. Олар қабылдаған үндістандық дәрінің құрамынан улы зат табылды. Мұны елдің Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.