Президент пен ішкі істер министрі құда болды
Қырғызстан Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қызын ел президенті Садыр Жапаровтың жиеніне тұрмысқа берді, деп хабарлады Elorda.info.
Дереккөздердің мәліметінше, жас жұбайлар бұрыннан таныс болған. Бірнеше апта бұрын олар қыз ұзату тойын өткізген. Ал 17 желтоқсанда үйлену тойы болған. Той Бішкектегі «Асман» мейрамханасында болған. Оған бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар мен саясаткерлер шақырылған. Ал мейрамхананың кіреберісіне металл іздегіші бар күзетшілер қойылғаны туралы ақпараттар тарады.
Той кезінде қонақтарға ұялы телефондарды немесе кез келген басқа жазу құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмеген.
-->Қырғызстан Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қызын ел президенті Садыр Жапаровтың жиеніне тұрмысқа берді, деп хабарлады Elorda.info.