Әлем

Әлемде алғаш рет аяғы жоқ адам ғарышқа ұшады

Әлемде алғаш рет аяғы жоқ адам ғарышқа ұшады. Бұл іс-шараны Еуропаның Ғарыш агенттігі қолға алды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, осы миссияны жүзеге асыру үшін 19 жасында мотоциклден құлап, оң аяғынан айырылған Джон Макфол таңдалып алынды. 41 жастағы британиялық бұған дейін Паралимпиада ойындарына қатысқан. Оны ғарышқа дайындау жұмысы 2 жылдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін. Параастронавт кеңістікте 1 күн болуға тиіс. Ол 5 ғарышкермен бірге ұшады. Олардың арасында 2 әйел бар. Осы топқа ілігу үшін 22 мың үміткер сынақтан өткен.

Айта кетейік, Еуропалық Ғарыш агенттігі алдағы 3 жылда бюджетін 17% арттырып, шамамен 17 млрд еуро бөлуді жоспарлап отыр.

-->

Мен бұл мүмкіндікке оңай қол жеткізіп отырған жоқпын. Паралимпиада атлеті де болдым, хирург-дәрігер мамандығын да игердім. Осының бәрі маған сенім мен күш-жігер берді. Бұл бүкіл адамзат үшін тарихи оқиға болмақ. Адамның қолынан келмейтіні жоқ, - деді параастронавт Джон Макфол.