Әлем

ДДСҰ: Әлемде қызылша ауруының таралуы қарқын алып барады

Әлемде қызылша ауруы белең алып барады, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

«Бұған вакцинация шарасының тұралауы себеп», ­­­- дейді мамандар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша өткен жылы коронавирус пандемиясының кесірінен әлем елдерінде 40 млн-ға жуық бала қызылша ауруына қарсы екпе ала алмай қалды. Статистика бойынша былтыр жер бетінде қызылшадан 130 мыңға жуық адам көз жұмған. Енді мамандар дерттің қыркүйек айында ушыққанын байқап, дабыл қағуда. Ал өткен аптада АҚШ-тың Колумбус қаласында қызылша ауруы белең алды. Онда тіркелген науқастардың барлығы егілмеген екен. Ал ең қауіпті ахуал Африкада байқалады.

-->