Әлем

Миланда «Арсенал» футболшысын пышақтап кеткен

Англияның «Арсенал» футбол клубының қорғаушысы Пабло Мариге Италияның Милан қаласындағы супермаркеттердің бірінде пышақ сұғылды. Спортшы ауруханада жатыр, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Мари А сериясында 15-орында тұрған «Монц» клубына жалданған ойыншы. Ол осы маусымда 8 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Испандық 2020 жылы «Фламенгодан» «Арсеналға» жалға алынғаннан кейін қосылып, Премьер-Лига клубы үшін 22 ойын өткізді. 

Қазіргі уақытта «Арсенал» клубының әкімшілігі ойыншысы және оның отбасы мүшелерімен байланыста екенін хабарлады.

Италия баспасөзі бейсенбі күні кешке елдің солтүстігінде Ассаго ауданындағы Milano Fiori сауда орталығында болған оқиғадан кейін 46 жастағы итальяндықтың қамауға алынғанын жазды.

Полиция күдіктінің психикалық ауытқуы барын айтып, оның лаңкес болуы мүмкін екенін жоққа шығарды.

Ер адам Carrefour супермаркетінде витринадан пышақ алып, сосын адамдарға тап берген. Дүкеннің 30 жастағы қызметкері ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болған. Басқа құрбандардың жасы 28 бен 81 аралығында.

-->