БАӘ-де бетперде режимі жойылады
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі 28 қыркүйектен бастап жабық типтегі қоғамдық орындарда міндетті түрде қорғаныс бетперделерін тағуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы БАӘ Төтенше жағдайлар және апаттарды жою жөніндегі ұлттық дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
БАӘ тұрғындарына коронавирустың таралуын болдырмау үшін тек жұмыста, ауруханаларда және қоғамдық көліктерде бетперде тағу ұсынылады. Жабық қоғамдық орындарда міндетті бетперде тағу режимі елде 2,5 жыл бойы жұмыс істеді. Енді адамдар сауда орталықтарына, супермаркеттерге, қонақүйлерге, барлар мен мейрамханаларға бетпердесіз бара алады. Осыған дейін адамға дәмханада немесе мейрамханада үстелге отырғанша бетперде тағуға тура келген.
Мұғалімдер мен мектеп оқушыларынан бұдан былай бетперде тағу талап етілмейді. Коронавирус жұқтырған кезде үйде өзін-өзі оқшаулау мерзімі 10-нан 5 күнге дейін қысқарады. Коронавирус жұқтырғанмен байланыста болған адамдарға карантинді сақтаудың қажеті жоқ. БАӘ Үкіметі күн сайын ковидпен ауыратындардың саны туралы мәліметтерді жарияламайды. Авиакомпаниялар жолаушылар бетперде тағуға міндетті ме, жоқ па екенін өздері шешуі керек. Сондай-ақ, діни рәсімдерді орындау кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтау жойылады. Абу-Дабидің тұрғындарына әр 30 күн сайын (бұрын 14) коронавирус сынақтарын тапсыру тапсырылды.
-->Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі 28 қыркүйектен бастап жабық типтегі қоғамдық орындарда міндетті түрде қорғаныс бетперделерін тағуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы БАӘ Төтенше жағдайлар және апаттарды жою жөніндегі ұлттық дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.