Әлем

Қытай делегациясына II Елизаветамен қоштасуға рұқсат етілмеді

Қытай делегациясына Ұлыбритания патшайымы II Елизаветамен қоштасу үшін Вестминстер холлға кіруге рұқсат берілмеді, деп хабарлады Elorda.info Politico сайтына сілтеме жасап.

NUR.KZ жазуынша, дереккөздің берген дерегіне сай, Ұлыбританияның қауымдар палатасының спикері Линдси Хойл Қытай шенеуніктерінің тиісті өтінішін қабылдамаған. Бұл өткен жылы ҚХР-дың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қатысты саясатын сынға алған бірқатар британдық шенеунікке Қытайдың санкция салуына байланысты. Бұған жауап ретінде Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Чжэн Цзеуганға парламент ғимаратына кіруге тыйым салынды.

Санкциялар әлі де күшінде. Британ парламентінің отырыстары қазір Вестминстер сарайында өтіп жатқаны белгілі.

Қытай делегаттары 19 қыркүйек күні Вестминстер аббаттығында II Елизаветаның жерлеу рәсіміне қатысады. Бірақ оларға Вестминстер Холлға кіруге тыйым салынады.

-->