Лондонда «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсаукесері өтті
Лондонда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. Шарада ағылшын тіліне алғаш рет аударылған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшілігі ұйымдастырған шараға британиялық шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты. Ағылшын ақын-жазушыларына, аудармашыларына Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және шығармашылығымен тереңірек танысуға жағдай жасалды.
Кітапты Ұлттық аударма бюросы басып шығарған. Жинаққа қазақ әдебиеті және мәдениеті көрнекті қайраткерлерінің Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазған еңбектері енген. Ішінінен Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллиннен бөлек, Мәмбет Қойгелді, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы сияқты қазіргі алаштанушы ғалымдардың зерттеулерін де табуға болады.
-->Лондонда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. Шарада ағылшын тіліне алғаш рет аударылған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.