Әлем

Әйгілі кофе компаниясында ұрлық көбейді

24.kz мәліметінше, кофеханаларды тонау оқиғалары жиілеп кеткен. Келушілер арасында есірткі қолданатындардың қатары да артыпты.

«Қызметкерлерге қауіп төнгендіктен осындай шешім қабылдауға тура келді», – дейді компания басшылары. Енді Сиэтл қаласында Старбакстың 6 кофеханасы жұмыс істемейді. Тағы 10-ы Лос-Анджелес, Портлэнд, Филадельфия мен Вашингтондағы жұмысын тоқтатады. Ал ондағы қызметкерлер басқа орындарға ауыстырылмақ.

Айта кетейік, «Старбакстың» 80 елде 30 мыңнан астам кофеханасы бар. Оның 9 мыңға жуығы АҚШ-та орналасқан.

-->