Әлем

15 жастағы жасөспірім атасын атып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

19 маусымда Акша ауылында оқ тиіп, көз жұмған 68 жастағы ер адамның денесі табылған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелерінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің кәмелетке толмаған немересінің осы оқиғаға қатысы барын көрсететін айғақтарды тапты.

Тергеу кезінде жасөспірім өз кінәсін мойындаған. Қазір оны екі тәулікке қамауға алды. Содан кейін бұлтартпау шарасына қатысты шешім қабылданады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайды анықтап жатыр.  

-->