Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр
Осы елде тұратын немесе уақытша жүрген отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі айқара ашық. Мұнда 5 маусымда таңғы 7-ден оқу орындарында оқитын студенттеріміз, дипломаттар мен отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік немесе туристік сапармен барғандар келе алады. Денсаулығына байланысты келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік әзірленген. Оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге дейін апарады.
-->Осы елде тұратын немесе уақытша жүрген отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі айқара ашық. Мұнда 5 маусымда таңғы 7-ден оқу орындарында оқитын студенттеріміз, дипломаттар мен отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік немесе туристік сапармен барғандар келе алады. Денсаулығына байланысты келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік әзірленген. Оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге дейін апарады.
Қазіргі есеп бойынша Бельгиядағы референдумға Қазақстанның 200-ге жуық азаматы қатысуы мүмкін. Басқа да отандастарымыз болса, біздің консулдық бөлімшеге хабарласуын сұраймыз. Алдағы референдум туралы ақпаратты Фейсбук пен интернет-порталымыз және смс хат арқылы таратып жатырмыз. Мемлекет басшысы қолға алған реформалар мен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасы азаматтарымыздың үлкен қызығушылығын тудырып отыр, сондықтан көп адам келеді деп күтеміз, – дейді Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Сұлтанғожин.