Ауған тележүргізушілері әйел әріптестерін қолдап, эфирге маскамен шықты
Ауғанстанда теледидар эфирінде әйелдерге хиджаб немесе никаб киюін міндеттейтін жарлық шықты. Оның қолданыс мерзімі 22 мамырдан басталды.
Жаңа ережелер барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қолданылады.
Бұл ретте, TOLOnews телеарнасының мәлімдеуінше, «Ислам әмірлігі» басшылығының хиджаб кию туралы жарлығында теледидар бағдарламаларында жүргізуші әйелдердің беттерін жабуына қатысты нақты нұсқау жоқ.
-->Ауғанстанда теледидар эфирінде әйелдерге хиджаб немесе никаб киюін міндеттейтін жарлық шықты. Оның қолданыс мерзімі 22 мамырдан басталды.
Жаңа ережелер барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қолданылады.
Бұл ретте, TOLOnews телеарнасының мәлімдеуінше, «Ислам әмірлігі» басшылығының хиджаб кию туралы жарлығында теледидар бағдарламаларында жүргізуші әйелдердің беттерін жабуына қатысты нақты нұсқау жоқ.
Бізге бұл шешімді белгіленген мерзімде орындау керек деп айтылды және бүгін біз оны орындадық. Бірақ біздің дәлелдеріміз екі жақты: біріншіден, «Ислам әмірлігі» басшылығының хиджаб кию туралы жақында шығарған жарлығында телебағдарламаларда жүргізуші әйелдердің бетін жабуы керек деген нақты нұсқау болған жоқ. Екіншіден, теледидардағы жүргізуші әйелдердің бейнелері виртуалды, әйелдердің түрлері нақты көрсетілмейді, сондықтан TOLOnews бұл мәселеде өз ұстанымын ұстанады, — деді телеарна директоры Хполвак Сапаи.