Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, сәуір айының соңында Найробиден (Кения) Гуанчжоуға келген 27 жастағы науқасқа 14 күндік карантин кезінде омикронның BA.2.12.1 нұсқасы диагнозы қойылған.
Омикронның жаңа нұсқасы әлемнің кем дегенде 23 елінде тіркелген. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді омикронның жаңа қосалқы нұсқасына байланысты жағдайдың ушығуын бақылауға алуға және мұқият болуға шақырған болатын. Өйткені, бұл омикронның басқа нұсқаларымен салыстырғанда, BA.2.1 иммундық қорғанысқа күшті қарсылық көрсетеді. Тіпті, коронавирусқа қарсы үдеткіш екпелер алған адамдарға да ауыр соғуы мүмкін. BA.2.12.1 омикронының өткізгіштігі BA.2 омикрон штамының нұсқасына қарағанда 23-27%-ға жоғары болып шықты.
-->Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, сәуір айының соңында Найробиден (Кения) Гуанчжоуға келген 27 жастағы науқасқа 14 күндік карантин кезінде омикронның BA.2.12.1 нұсқасы диагнозы қойылған.