Әлем

Қытай ғарышқа жүк кемесін ұшырды

Хабарламаға сәйкес, «Тяньчжоу-4» ғарыш кемесі сейсенбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан «Чжанчжэн-7» зымыран тасығышымен орбитаға шығарылды.

«Тяньчжоу-4» ҚХР орбиталық станциясына алты айлық ғарышкерлерге арналған қорды, станцияға қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектерді және ғарыштық зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтарды жеткізеді. Орбиталық кешен «Тяньхэ» ғарыш стансасының негізгі модулінен және «Тяньчжоу-3» жүк кемесінен тұрады. Маусым айында басқарылатын «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі ұшырылады. Ол үш тайконавты (ҚХР-да ғарышкерлерді осылай атайды) орбиталық стансаға жеткізеді, олар Қытай ғарыш стансасын іске қосу жұмыстарын жалғастырады және алты ай орбитада болады.

-->