Әлем

АҚШ-та жыл басынан бері 3,5 мың шаршы шақырым жер өртенді

Жалпы жыл басынан бері 3,5 мың шаршы шақырым өртенген. Бұл – соңғы  жылдардағы статистикамен салыстырғанда әлдеқайда артық көрсеткіш. Табиғат апаты күн өткен сайын ушығып барады.

Бұған аймақтағы қатты жел мен аптап ыстық – себеп. Қазір, әсіресе, Аризона мен ФлорИдадағы жағдай мәз емес. Тілсіз жау Небраска штатында да өршіп тұр. Онда апаттан  1 адам мерт болып, 15 өрт сөндіруші жарақат алды. Одан бөлек, 6 тұрғын үй күлге айналған. Аймақта 180 шаршы шақырым орманды және ауыл шаруашылыққа арналған алқап тып-типыл болды.

-->