Әлем

Коронавируспен 16 ай ауырған адам тіркелді

Науқасты емдеген Лондондағы екі ірі емхана дәрігерлерінің айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Бірақ бұл науқастың өзге де созылмалы аурулары болған, сондықтан оның иммундық жүйесі әлсіреген. 

Дәрігерлердің пікірінше, науқас бір дертпен ұзақ уақыт бойы күрескен, вирусты қайталап жұқтырмаған. Мамандар тестілерді жіті зерттегеннен кейін осындай байламға келді. 

Атап өтетін жайт, науқас вирусқа қарсы препараттар қабылдаса да, аурудан жазыла алмаған.

-->

Науқас 2020 жылдың басында алғаш рет коронавирус жұқтырды. Коронавирустың барлық белгілері байқалған соң, ПТР тест тапсырып, ауруды анықтады. Бұдан кейін ол 72 апта бойы қайта-қайта ауырып, ауруханаға бірнеше рет түсті. Осы уақыт аралығында Covid-19-ға тапсырған анализдердің бәрі оң нәтиже көрсетті (бас-аяғы 50 тексеру), – делінген хабарламада.