Netflix акциялары 25%-ға арзандады
Табыс жөніндегі маусымдық есептің деректері бойынша, Netflix-тің клиенттер базасы 200 мың адамға қысқарған. 2022 жылы бұл құбылыстың себебін сарапшылар Netflix-тің Ресейден кетуімен байланыстырады. Бұл шешім 700 мың жазылушыдан айырылуға әкеліп соқты.
Компанияның болжамынша, сәуірден маусымға дейін әлі тағы 2 миллиондай қолданушы сервистен бас тартуы мүмкін. Осыған орай бүгінде компанияда есептік жазбаларды бірігіп пайдалануға тыйым салу, қосымшаның арзанырақ нұсқасын енгізу және жарнаманы көбейту секілді бұрын оншалықты тәжірибеде кездеспеген амалдарды қолдану арқылы қалыптасқан ахуалды түзеуге талпынуда. Сондай-ақ Netflix қосымша төлемақысыз видеоойындарды қоса бастады.
Netflix-тің халін осы саладағы жоғары бәсеке одан әрі мүшкіл ете түсуде. Жақсы қаржыландырылатын Apple мен Walt Disney айналымын күшейтіп жатыр. Егер акцияның құлдырауы келесі сауда сессиясына дейін жалғаса берсе, онда ол өз құнының жартысынан астамын жоғалтады. Сарапшылар төрт айға жетер-жетпес уақытта Netflix-тің шамамен 150 млрд доллар болатын акционерлік капиталынан айырылуы мүмкін екенін айтады.
-->Табыс жөніндегі маусымдық есептің деректері бойынша, Netflix-тің клиенттер базасы 200 мың адамға қысқарған. 2022 жылы бұл құбылыстың себебін сарапшылар Netflix-тің Ресейден кетуімен байланыстырады. Бұл шешім 700 мың жазылушыдан айырылуға әкеліп соқты.