Әлем

Франция вакцина алмаған қазақстандық туристердің келуін жеңілдетті

Қазақстандағы Франция елшілігінің мәліметінше, қазақстандық саяхатшылар үшін кірудің екі жолы жазылған:

Еуропалық ережелерге сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алған ересектер мен 12 жастан асқан балалар Францияға ПТР-тест тапсырмай, вакцина паспортымен кіре алады. Вакциналау курсы мына жағдайларда толық деп саналады:

• Janssen вакцинасының бір дозасын алғаннан соң 28 күннен кейін;
• Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындаған (Pfizer/Comirnaty, Moderna, AstraZeneca/Vaxzevria/Covishield) басқа вакциналардың екінші дозасын алғаннан соң 7 күннен кейін;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген, бірақ Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындамаған вакцинаның барлық қажетті дозасын алған адамдар үшін Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындаған РНҚ хабаршысы бар вакцинасының қосымша дозасын алғаннан соң 7 күннен кейін.

Ревакцинацияны (мРНҚ вакцинасы) соңғы қажетті дозадан кейін 9 айдан кешіктірмей алу керек.

Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік және ДДСҰ танымаған препараттармен вакцина алған немесе вакцина алмаған қазақстандықтар жөнелтуге дейін 72 сағаттан аз уақыт бұрын жасалған ПТР-тестің немесе 48 сағаттан аз уақыт бұрын жасалған антигендік тестің теріс нәтижесін (ауысып отыру жағдайында бірінші рейстің ұшуы) ұсынуы қажет. Сондай-ақ, Францияға ауруды жұқтырып, жазылғаны туралы сертификат арқылы кіруге болады (он бір күннен астам және алты айдан аз уақыт бұрын жүргізілген ПТР немесе антигендік сынақтың оң нәтижесі).

-->