Әлем

Түркияда маска тағу режимі алынып тасталды

Оның айтуынша, жеткілікті желдету мен әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болған кезде жабық ғимаратта да маска тағудың керегі жоқ. Алайда сәйкес қашықтықты сақтау мүмкін емес тар ғимараттарда, ұшақтар мен автокөліктердің салонында, көрермендер залында, медицина мекемелері мен оқу орындарында бетперде киіп жүруге тура келеді. Осы орайда қарт адамдар мен созылмалы ауруға шалдыққан жандарға маска кию арқылы қауіпсіздікті сақтаған дұрыс.  

Одан басқа аталған елде ковидке қарсы басқа да ережелер бекітілді. Мектепте екіден кем баладан коронавирус анықталған жағдайда сынып карантинге жабылмай, қалған балалар өзін-өзі оқшаулауға жіберілмей, оқуларын жалғастыра береді. 

-->

Бұдан былай көшеде маска тағу режимі тоқтатылады. Алайда күнделікті өмірде әлі де өзімізбен бірге масканың болғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда киеміз, - деді Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа. 