Украина мен Ресей алдағы уақытта екінші келіссөз өткізеді
Stan.kz-тің жазуынша, әзірге екі мемлекет ортақ қызығушылықтары болуы мүмкін бірнеше мәселені нақтылаған. Мәскеуден келген делегацияны Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастады. Ал Киев делегациясын Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк басқарған.
Мәскеу қойған талаптардың қатарында биліктің Қырымды ресми мойындауы, әскерді кері қайтару, әскерилер мен қару-жарақ санын шектеу, Украинаны ұлтшылдық идеологиядан тазарту, ұлтшылдық ұйымдарға тыйым салу сынды талаптар бар. Сонымен қатар Кремль Украинаның шетелдік қарулы күштердің орналасуына тыйым салатын бейтарап мәртебені таңдауы керек деп есептейді.
Киев өз кезегінде ресейлік әскерилердің Қырым мен Донбасстан шығарылуын талап етіп отыр. Президент Владимир Зеленский әзірге келіссөзден тиісті нәтиже шықпағанын айтқан. Сондай-ақ делегация мемлекет астанасына оралған соң, тыңдалған мәселелерді саралап, екінші кездесуге дайындық жүретінін қосып өтті.
Айта кетейік, 28 ақпанда Беларусьтегі Гомельде Украина мен Ресей арасында алғашқы кездесу өткен еді. Келіссөз бас-аяғы 5 сағатқа жалғасқан.
-->Stan.kz-тің жазуынша, әзірге екі мемлекет ортақ қызығушылықтары болуы мүмкін бірнеше мәселені нақтылаған. Мәскеуден келген делегацияны Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастады. Ал Киев делегациясын Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк басқарған.
Мәскеу қойған талаптардың қатарында биліктің Қырымды ресми мойындауы, әскерді кері қайтару, әскерилер мен қару-жарақ санын шектеу, Украинаны ұлтшылдық идеологиядан тазарту, ұлтшылдық ұйымдарға тыйым салу сынды талаптар бар. Сонымен қатар Кремль Украинаның шетелдік қарулы күштердің орналасуына тыйым салатын бейтарап мәртебені таңдауы керек деп есептейді.
Ортақ мүддеміз бар деп болжанып отырған бірнеше мәселені анықтадық. Бастысы келіссөз барысын жалғастыру туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта Польша-Беларусь шекарасында кездесу өтеді, - деді Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский.
Киев өз кезегінде ресейлік әскерилердің Қырым мен Донбасстан шығарылуын талап етіп отыр. Президент Владимир Зеленский әзірге келіссөзден тиісті нәтиже шықпағанын айтқан. Сондай-ақ делегация мемлекет астанасына оралған соң, тыңдалған мәселелерді саралап, екінші кездесуге дайындық жүретінін қосып өтті.
Екі тарап нақты шешімі бар тақырыптарды анықтады. Дұрыс шешім қабылдау үшін екі жақ өз астаналарына қайтады. Сонымен қатар келген делегациялар алдағы уақытта екінші келіссөзде аталған мәселелердің нақты саяси жалғасын табу мүмкіндігін де талқылады, - деді Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.
Айта кетейік, 28 ақпанда Беларусьтегі Гомельде Украина мен Ресей арасында алғашқы кездесу өткен еді. Келіссөз бас-аяғы 5 сағатқа жалғасқан.