Әлем

Испанияда туристік компаниялардың 10% жабылып қалды

Негізі Испания экономикасы туризмге қатты тәуелді. Пандемияға дейін саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12 проценттен асатын. Алайда көрсеткіш 7,4 процентке дейін төмендеген.

Коронавирустан бөлек жағдайдың ушығуына Brexit те әсер еткен. Өйткені бұрындары Испанияға демалуға келетіндердің көбі британдықтар болатын. Билік шектеу шараларының жеңілдетілуі нәтижесінде биыл шетелдік саяхатшылар көп болатынын болжап отыр.

Десе де, сарапшылар туризмдегі көреткіштер пандемияға дейінгі деңгейге тек келесі жылы ғана жететінін айтады.

-->