Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстері 1 маусымда қайта ашылады
Черногория астанасына (Подгорица) рейстерді Қазақстанның екі қаласы - Алматы және Нұр-Сұлтаннан Air Astana әуекомпаниясы орындайды.
Тасымалдаушының баспасөз қызметі Алматыдан Черногория астанасына ұшақтар аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбіде ұшатынын хабарлады. Ал 10 маусымнан жұмада да рейс болады. Нұр-Сұлтаннан сейсенбі, бейсенбі және жексенбі рейс жоспарланған.
Билетті әуекомпания сайтында және туристік агрегаторлардан сатып алуға болады. Туроператорлар қазірдің өзінде турлар құрып, алдын ала брондау бойынша сатылым ашты. Туристік компаниялардың бірінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, төрт жұлдызды қонақүйге жеті күнге берілетін жолдама 565 мың теңгеден басталады. Виза құны бұл бағаға кірмейді.
-->Черногория астанасына (Подгорица) рейстерді Қазақстанның екі қаласы - Алматы және Нұр-Сұлтаннан Air Astana әуекомпаниясы орындайды.