Әлем

Байден ДАИШ басшысы өлгенін мәлімдеді

БАҚ-тың хабарлауынша, операция Сирияның солтүстік-батысында өтті. Мәліметтерге сүйенсек, әл-Құрайш жарылыс салдарынан қайтыс болған.

Пентагонның өкілі Джон Кирби бұл миссияны Таяу Шығыстағы әскери операциялар мен әрекеттерді бақылайтын АҚШ Орталық қолбасшылығы жүзеге асырғанын айтты.

Операция барысында бірнеше адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Пентагонның мәліметінше, американдық әскерилердің арасында құрбан болған жоқ.

Бұл АҚШ-тың Сириядағы 2019 жылғы операциядан кейінгі ең үлкен операция болды, оның барысында «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИГИЛ) жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді.

-->

Бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандардың болу себебі ғимараттың ішіндегі ер адам жарылғыш заттарды жарып, бірнеше әйел мен баланы өлтірген, – деп жазады Washington Post.