Әлем

Соңғы 150 жылда мұхит температурасы қалай өзгерді

Кейінгі 150 жылдағы қорытынды бойынша, 2019 жылы мұхит бетінің 57 пайызында тарихи мәнмен салыстырғанда экстремал саналатын температура байқалған. Сондай-ақ, ғалымдар мұхит бетінің жартысынан көбі 2014 жылдан бастап экстремал жылудың тарихи шегінен асып кетті деп мәлімдейді.

Төтенше жылу құбылыстарының жиілігі мен ұзақтығын анықтау үшін Гонолулу ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқармасынан Кисей Танака теңіз экологтары және теңіз флорасы мен фаунасы орталығынан Кайл Ван Хутан 1870 жылдан 2019 жылға дейін теңіз бетіндегі температураның айлық көрсеткіштерін талдап, төтенше жылу құбылыстарының қайда және қашан болғанын картаға түсірген.

Содан кейін ғалымдар мұхиттан қаншалықты жиі осындай температура байқалғанын байқаған.

Онжылдықтардағы осы төрт суретте 1980 жылдан бастап температураның өзгеруі көрсетілген. 2014 жылдан бастап мұхиттың жартысынан көбі 1870 жылдан 1919 жылға дейінгі ең экстремал құбылыстардан да жоғары рекорд температура қалыптаса бастаған.

Мәселе мынада, теңіздегі жылу толқындары балдырлардың гүлденуіне, маржанның түссізденуіне және олармен қоректенетін балықтар мен құстардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, мұхит бетінің көп бөлігіндегі экстремал жылудың жаңа нормасы климаттың өзгеруінің қозғаушы күші саналатан қазбалы отынды жағу кезінде шығарындыларды түбегейлі азайту қажеттілігінің тағы бір дәлелі.

-->

Климаттың өзгеруі туралы қоғамдық пікірталастардың көп бөлігі алда болатын оқиғаларға арналған. Климаттың өзгеруі алда болатын оқиғаларға негізделмейді. Рас, бұл бізге біраз уақыттан бері әсер етіп келеді. Мұхитта біз анықтаған бұл өзгерістер климаттың өзгеруіне байланысты іс-әрекеттің белгісі болуы керек екеніне тағы бір дәлел, - деді зерттеу тобын басқарған доктор Кайл Ван Хаутан.