SpaceX италиялық спутнигі бар Falcon 9 зымыранын сәтті ұшырды
Бастапқыда 27 қаңтарға жоспарланған ұшу төрт рет кейінге қалған. Үш рет ауа райына, ал жексенбіде ұшыру аймағында бөтен кеменің пайда болуына байланысты тоқтатылған.
Канавералда ғарыш айлағынан зымыран АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 18:11-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:11-де) ұшты.
Жерді радиолокациялық зондтауға арналған спутник төмен жер орбитасына шығады. COSMO-SkyMed-Италия үкіметі әскери және азаматтық мақсаттарда қолданылатын спутниктер шоқжұлдызындағы жаңа буынның екінші аппараты. Біріншісі 2019 жылы Ресейдің "Союз" зымыранымен ұшырылды. Шоқжұлдызға бірінші буынның төрт серігі де кіреді. Space Flight Show басылымы мәліметінше, қазір бұл спутниктер Жерорта теңізіндегі кемелерді бақылау үшін, табиғи апаттарды жою кезінде ауыл шаруашылығында қолданылады, сондай-ақ климаттық зерттеулер үшін пайдалы.
SpaceX технологиясы бойынша тасығыш-зымыранның бірінші сатысы оны кейіннен пайдалану үшін ұшыру алаңы маңына қонған.
Деректерге сүйенсек, Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясы 2022 жылы рекорд 52 зымыран ұшыруды жоспарлап отыр.
-->Бастапқыда 27 қаңтарға жоспарланған ұшу төрт рет кейінге қалған. Үш рет ауа райына, ал жексенбіде ұшыру аймағында бөтен кеменің пайда болуына байланысты тоқтатылған.