Мұғалімдер жаппай ереуілге шықты
«Хабар 24» телеарнасы хабарлағандай, көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы болған. Мәселен, соңғы 8 күнде коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген. Наразы топ білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз екенін айтқан. Сол себепті, кей мектептерде педагогтардың 75 пайызы жұмысқа шығудан бас тартқан.
Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті. Бұған аймақтағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды.
-->«Хабар 24» телеарнасы хабарлағандай, көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы болған. Мәселен, соңғы 8 күнде коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген. Наразы топ білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз екенін айтқан. Сол себепті, кей мектептерде педагогтардың 75 пайызы жұмысқа шығудан бас тартқан.