Мемлекет басшысына Marai E7 Group өндіріс алаңының қызметі таныстырылды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кәсіпорын травматология хирургиясында және остеосинтезге кеңінен қолданылатын дәке мен титан импланттарын шығаруға маманданған.
Президентке Шымкентте шығатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың түрлері көрсетілді.
Бүгінде шырайлы шаһар отандық фармацевтика саласының дамуында елеулі рөл атқарады.
Мұнда 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішіндегі ең ірісі – «Химфарм» зауыты.