Ақорда

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин күтіп алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына келді.

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.

ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.